29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПремьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге жұмыс сапарымен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік тақырыбын қоса алғанда, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Тараптар Орталық Азияға арналған ЕО стратегиясы аясында диалогты жалғастырудың және орнықты даму, цифрландыру мен климаттық күн тәртібі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Жасыл трансформация және өңірдің Еуропалық одақпен көлік-логистикалық байланыстылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырудың маңыздылығы баса айтылды, - делінген мәліметте.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Еуроодақпен серіктестікті тереңдетуге бейілділігін растай отырып, осы аптада Самарқандта өтетін «Орталық Азия - Еуропалық одақ» саммитінің маңыздылығына назар аударды.
Өз кезегінде Э.Стипрайс Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамуын жоғары бағалап, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда және маңызды инфрақұрылымдық әрі экономикалық жобаларды іске асыруда еліміздің жетекші рөлін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек