23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Чехия Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы Чех Республикасының премьер-министрі Петр Фиала айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің екіжақты кездесуіміз табысты өтті деуге болады. Жоғары мәртебелі Президентпен өткен кездесуім де сындарлы және жемісті болды деп айтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехия достық қарым-қатынастарының ұзақ тарихы бар. Қазақстан – Орталық Азия өңірінде біздің негізгі серіктестеріміздің бірі. Оны біздің импорт және экспорттық көрсеткіштерімізден анық көрсеңіздер болады. Тауар айналымы өткен жылы шамамен 1,3 миллиард долларға жетті. Бұл шынымен де ауқымды сома. Чех кәсіпорындары Қазақстанда ауыл шаруашылығы, әскери авиация өнеркәсібінде көптеген жылдар бойы белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз Қазақстанда көптеген қосымша мүмкіндіктерді де көріп отырмыз, - деді Чехия премьер-министрі.
Оның сөзінше, іскерлік делегация құрамында көптеген чехиялық компаниялар бар. Сонымен қатар, күзде чехиялық делегация Қазақстанда кеңейтілген жиын өткізіп, энергетикалық мәселелердегі өзекті бағыттарды қарастыру жоспары барын айтты.
Біз өзіміздің тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Сондай-ақ бізге өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізді жаңғырту қажет. Біз ынтымақтастықтың әртүрлі бағытын көріп отырмыз. Чехия республикасы ауыр металлургия, машина жасау саласында танымал. Біз өзіміздің жоғары технология өнімдеріміздің тізбесін кеңейттік. Олар инжиниринг, машина жасау, IT технологияларды, киберқауіпсіздікті қамтиды, - деді Петр Фиала.
Чех Республикасының премьер-министрі Петр Фиаланың сөзінше, бүгінгі таңда бизнес серіктестік, сонымен қатар халықаралық сауда-саттық өте маңызды.
Біз қазір соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Сондай-ақ қауіпсіздіктің жетіспеушілігі, жеткізілімдер тізбегінің әртараптануы секілді бағыттардың маңызы күннен күнге артып келе жатыр. Бұл бизнестің алуан түрлілігі қаншалықты маңызды екенін де көрсетіп отыр, - деп атап өтті Петр Фиала.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік