28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Астана халықаралық форумының жұмысына қатысу үшін келген Орталық Азия үшін БҰҰ-ның Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадземен кездесті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ОАПДӨО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік, орнықты даму мәселелерін, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға дайындықты талқылады.
Қазақстанда ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының алдағы кездесуіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өңірлік қауіпсіздік, тұрақты даму, су ресурстары және климаттың өзгеруі мәселелерін қамтитын күн тәртібін қалыптастыру талқыланды.
Ақан Рахметуллин Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін алдағы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі превентивті дипломатияны ілгерілету мен күш-жігерді үйлестірудегі белсенді рөлі үшін Өңірлік орталыққа алғысын білдірді.
Тараптар аталған кездесуге дайындық шеңберінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ Қазақстан мен ОАПДӨО арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың дамуына үлкен мән берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?