13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Болгарияның Қазақстандағы Елшісі Боян Хаджиевті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Болгария арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындыққа, сондай-ақ саяси диалогты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Болгария президенті Румен Радевтің биыл Қазақстанға ресми және іскер делегациямен бірге жасайтын сапарына дайындық барысын қарастырды.
Елшінің ақпараты бойынша Қазақстанға келуге және қазақ әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі көптеген болгар компанияларының арасында фармацевтика, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, туризм, энергетика, соның ішінде атом және жаңартылатын энергетика салаларындағы компаниялар бар.
Дипломаттар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын, соның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру тұрғысынан жан-жақты қарастырды.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне аса назар аударылды. Осыған байланысты биыл мамыр айында Софияда өтуі жоспарланған Қазақстан-Болгария Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында тараптар Астана мен София арасындағы мазмұнды диалогты жалғастыруға және жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екенін растады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды