Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Белиз Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаментінің директоры Орла Кантун Колманмен алғашқы консулдық консультациялар өткізді, деп хабарлайды El.kz
Тараптар достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін үлкен қызығушылықпен атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты.
Б. Ақатаев сыртқы саяси ведомствосының Кариб қоғамдастығы (CARICOM) өңірімен түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатыны туралы хабарлады.
О. Кантун Колман екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келісуге бар күшін салуға дайын екенін білдірді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары