29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, тараптар Қазақстан мен Әмірліктердің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын талқылады. СІМ басшысы БАӘ еліміздің Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі екенін және мемлекет басшылары арасындағы сенімді диалогты атап өтті.
Тараптар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әбу Дабидің орнықты даму апталығына» қатысу үшін БАӘ-ге жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындыларын оң бағалады.
Сұхбат барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа жолдарды іздеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда елдер арасындағы жолаушылар ағынының артуы және туристік сапарлар санының өсуі қанағаттанушылықпен аталып өтті, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар сұхбаттастар жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясында белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек