28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘзірбайжан астанасы Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Ішкі істер министрі Вилаят Эвазов пен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың кездесуі өтті.
Кездесуде екі елдің тұрғындарын тығыз байланыстыратын стратегиялық қатынастар, мемлекеттер арасындағы сенім мен бір-біріне деген құрметі, сондай-ақ ынтымақтастықтың серпінді дамуы сөз етілді.
Тараптар қоғамдық тәртіпті қорғау, трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, өзара ақпараттық байланысты арттыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін және олардың қылмыстық қол сұғушылықтардан құқықтарын қорғауға қатысты ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Марат Ахметжанов әріптесін ішкі істер органдарын жаңғырту, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және елдегі қылмысқа қарсы күрес туралы хабардар етті.
Кездесуге қатысушылар Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы Меморандумға қол қойды.
Қонақтар полиция академиясының қызметімен, кезекші қызметтің және “102” колл-орталығының жұмысымен танысты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?