23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сапар аясында Әзербайжан Республикасы Қорғаныс ведомствосының өкілдері бірқатар әскери мекемелерде болып, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Әскери оқу орнында меймандар үшін экскурсия және біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасымен таныстыру ұйымдастырылды.
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әзербайжан әскерилерімен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов кездесті.
Ол қонақтарға Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның құрылымы, қолданыстағы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі, психологиялық қызмет, ақпараттық, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар туралы айтты.
Полковник Ермиян Бятов әзербайжандық әріптестеріне «Астана – мәдениет керуені» халықаралық әскери оркестрлер музыкалық фестиваліне шығармашылық ұжымының қатысқаны және «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Әзербайжан командасының өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Дәстүр бойынша қонақтар ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік