7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жетісу облысының «Көктал» полигонында қазақстандық десантшылар мен Әзербайжан армиясы әскери қызметшілерінің қатысуымен «Алтын қыран-2024» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірлескен жасақтардың командирлері жауынгерлік өкім алған соң басшылық штабына қабылданған шешім туралы баяндап, барлау тапсырмаларын орындауға кірісті. Оқу-жаттығудың екінші күнінде олар жауынгерлік үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсетті.
Бірінші жасақты қазақстандық офицер, екіншісін Әзербайжан өкілі басқарады. Екі ел әскери қызметшілерінің таулы жерде барлау жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар. Осы жаттығуларда біз өз білгенімізді бөлісіп, бауырлас мемлекет әскери қызметшілерінің тәжірибесін қабылдауды мақсат етеміз. Бұл офицерлер мен сержанттар бір сапта иық тіресіп, бір үстелде тамақтанып, бір жауынгерлік тапсырманы орындаған кезде тиімді, – деп түсіндірді оқу-жаттығу жетекшісінің орынбасары полковник Ағзам Берденов.
Таңертең ерте барлаушылар 25 шақырымдық бағдар жасады. Онда қарсыластың лагеріне шабуылдап, автокөлік легін торуылдап, тауда жасырынған заңсыз қарулы құрылымның базалық лагерін іздестіруі керек.
Өткізілетін оқу-жаттығулар барлау бөлімшелері жеке құрамының практикалық дағдыларының деңгейін арттыруға, мақсат анықталған және оны сәйкестендірген кезде бірлескен барлау органдарының іс-қимыл алгоритмін сынақтан өткізуге, сондай-ақ таулы-шөлейіт жерлерде бүркемелеу және бағдарлау құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
«Алтын қыран-2024» халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 24 тамызға дейін жалғасады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?