Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-не сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және тағы басқа ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.
Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар