Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыҚазақстанның Әзербайжан Республикасындағы елшісі Әлім Байел Әзербайжанның экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика және құрылыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.
Әлім Байел соңғы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. 2025 жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш 20%-ға артқан. Елші әсіресе Қазақстанның биыл алғаш рет Әзербайжанға бидайдың негізгі жеткізушісі атанғанын, яғни бұл елдің астық импортының 88%-ын Қазақстан қамтамасыз еткенін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Микаил Джаббаров Қазақстанмен экономикалық әріптестіктің Әзербайжан үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Ол Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТМТМ), Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ), қазақстандық энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы транзиттеу, сондай-ақ Каспий теңізінің түбімен терең сулы электр кабелін тарту сынды ірі жобаларды жоғары бағалады. Бұл бастамалар бүкіл өңір үшін маңызды геоэкономикалық рөл атқаратыны айтылды.
Сондай-ақ елші Байел Қазақстан Үкіметі Әзербайжанмен өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Осы ретте ол Қазақстанда инфузиялық ерітінділерді бірлесіп өндіруді ұсынды.
Сонымен қатар, Әлім Байел Әзербайжан тарапына Алакөл жағасында санаторий-курорттық кешен салуды ұсынды. Ол көлдің ерекше микроклиматы мен емдік қасиеттері бар суын атап өтті. Микаил Джаббаров бұл бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында жобаларды жүзеге асыру жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.
Тараптар сондай-ақ тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін де қарастырды. Қазірдің өзінде бірқатар қазақстандық компаниялар Әзербайжанда медициналық мекемелер мен тұрғын үйлер салуға кіріскені айтылды. Болашақта бұл бағытта Қазақстан аумағында да бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылуда.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды