2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Армения Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында қазақстан-армян сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің компаниялары арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді қатынастарды жандандыруға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.
ҚР ҰЭМ басшысы Қазақстанның перспективалы кооперациялық жобаларды, оның ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы шеңберінде құруға мүдделілігін растады.
«Президент өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында инвестицияларды тарту, креативті индустрия мен IT саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Елдеріміз арасында ортақ шекара болмағанына қарамастан, бізде бизнес ынтымақтастықты жандандыру және IT өнімдерінің экспортын ұлғайтуға қажетті әлеует бар», - деп толықтырды министр.
Өз кезегінде, А.Гевондян мырза армян тарапының инвестициялық ұсыныстары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, Армения аумағында жұмыс істейтін «Альянс», «Меридиан» және «Мегри» еркін экономикалық аймақтары, сондай-ақ Гюмри қаласындағы логистикалық орталығы.
Қазақстан-Армения:
2022 жылы екіжақты тауар айналымы $41,6 млн. құрады.
Экспорт – $26,9 млн.
Импорт – $14,7 млн.
2023 жылғы қаңтар-маусымда тауар айналымы $21,3 млн. құрады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова