Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсМәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ комиссиясының (USCIRF) төрағасы Вики Хартцлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы діни ахуал, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, Комиссияның жыл сайынғы баяндамаларында көтерілген жағдайлар туралы пікір алмасты.
Вики Хартцлер Қазақстанның адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы соңғы қадамдарына оң баға берді.
Кездесу қорытындысында қазақстандық тарап діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, АҚШ-пен осы бағыттағы ынтымақтастық пен өзара байланысқа сенім білдірді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды