Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының елімізде жаңадан тағайындалған Елшісі Осман Михаджимен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басқосуда тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, сондай-ақ энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қамтыған екіжақты өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан тарапы экономикалық байланыстардың оң серпінін, оның ішінде қазақстандық бидайды Алжирге жеткізудің басталуын атап өтіп, екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жалғастыруға қызығушылық білдірген.
Дипломаттар саяси және іскерлік байланыстарды белсендіруге, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындығын растады.
Кездесу аясында Алжир Елшісі министрдің орынбасарына сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз тарапынан Ә.Бақаев Елшіні құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары