6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі