Qazaqstan Media Awards: «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

Qazaqstan Media Awards: «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

Аян Қайырбаев
Фото: Qazaqstan Media Awards

2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистер, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді. Телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылды. Заманауи медиатехнологиялар мен жаңа форматтарға ерекше назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.

2026 жылғы «Үркер» ұлттық сыйлығына үміткерлер

«Жылдың үздік журналисі»:

«Үздік радиожоба»:

«Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба»:

«Үздік медиажоба» (YouTube, подкаст):

«Жылдың үздік материалы»:

«Үздік талдамалық материал»:

2026 жылғы «Тұмар» ұлттық сыйлығына үміткерлер

«Үздік тележүргізуші»:

«Үздік деректі жоба»:

«Үздік телевизиялық материал»:

«Үздік әлеуметтік жоба» («Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан»):

«Үздік телехикая»:

«Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама»:

Мерейтойлық ұлттық сыйлықтардың жеңімпаздары тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылары енген.

Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Айта кетейік, «Үркер» және «Тұмар» ұлттық сыйлықтары 2017 жылы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, олардың отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесін бағалау мақсатында тағайындалған. Сыйлықтар телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.

Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз

{