30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан машина жасау өнімінің экспортын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында саланы одан әрі дамыту үшін 7 негізгі бағыт бойынша 79 іс-шараны қамтитын Машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
5 жыл ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 600 млрд теңге көлемінде, «ДАМУ» АҚ 50 млрд теңгеге қаржыландыру көзделген, бұл ШОБ-ты коммерциялық банктермен шамамен 370 млрд теңге сомаға қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты көлем индексін 2,2 есе, ақшалай өндірісті 4,5 есе, экспорт көлемін – 3 есе, еңбек өнімділігін – 2 есе, инвестицияларды – 1,5 есе ұлғайту бойынша қойылған нысаналы индикаторлар 2029 жылға қарай елдің ЖІӨ-ін екі есеге арттыру бойынша өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Мейрам Пішембаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды