15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстан Мароккоға астықтың алғашқы партиясын жөнелтті. Бұл жөнінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астық Жаңа-Есіл және Сарыкөл станцияларынан 105 астық тасығыш вагонға тиеліп жөнелтілді. Жүк Латвия арқылы темір жолмен Лиепая теңіз портына жеткізіледі. Сол жерде астық Африка бағытындағы кемелерге тиеліп, Мароккоға жол тартады.
Жөнелтілген астық Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген.
Бұл жеткізілім — Қазақстан мен Марокко арасындағы астық саудасы саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болып отыр. Ұлттық компания мұндай экспорттық маршруттар Қазақстан өнімдерінің әлемдік нарыққа шығуын кеңейтетінін атап өтті.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады