30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан мен Қытай екі ел азаматтарының жүргізуші куәліктерін пайдалану тәртібін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге қол қою жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес, келісім күшіне енген жағдайда Қазақстан мен Қытай азаматтары қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәліктерімен екінші мемлекеттің аумағында жеңіл автокөлік жүргізе алады. Бұл ретте сол елдің заңнамасында белгіленген талаптар сақталуға тиіс. Жобада B1 санатындағы жүргізуші куәліктері туралы айтылған.
Қазақстан мен Қытай азаматтары белгіленген талаптарды сақтай отырып, екінші тараптың аумағында қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәлігімен жеңіл көлік құралын басқара алады, – делінген құжатта.
Жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастауға болады
Келісім күшіне енгеннен кейін екі елдің азаматтары жүргізуші куәлігін қайта оқудан өтпей және біліктілік емтихандарын тапсырмай-ақ айырбастай алады. Алайда куәлікті айырбастау рәсімі азамат жүрген мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжатта келісім Қазақстан мен Қытайдың құзырлы органдары арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау мәселелері бойынша ынтымақтастық тетігін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
Жаңа тәртіп қашан күшіне енеді?
Әзірге бұл – Үкімет қаулысының жобасы. Жаңа тәртіп бірден қолданысқа енгізілмейді. Алдымен Қазақстан мен Қытай тиісті келісімге қол қоюы керек. Одан кейін екі тарап қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтайды. Жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау тәртібі келісім күшіне енгеннен кейін ғана қолданыла бастайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, келісім екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді азайтып, Қазақстанда немесе Қытайда уақытша не тұрақты тұратын азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қадам екі ел арасындағы көлік, туризм және іскерлік байланысты дамытуға ықпал етеді деп күтіледі. Жоба авторлары құжатты қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейтінін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтінін атап өткен.
Қазір Қазақстан куәлігімен Қытайда көлік жүргізуге бола ма?
Қазіргі тәртіп бойынша Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігімен Қытайда бірден көлік басқаруға болмайды. Шетел азаматтары көлік жүргізу үшін уақытша қытайлық жүргізуші куәлігін рәсімдеуі қажет.
Ол үшін жүргізуші куәлігін қытай тіліне аударып, аудармасын нотариалды куәландыру талап етіледі. Бұл Қытайда автокөлік жүргізуді жоспарлаған қазақстандықтар үшін қосымша уақыт пен шығынды қажет етеді. Егер екі ел арасындағы келісім күшіне енсе, бұл рәсімдер айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды