Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖеневада (Швейцария) Global Innovation Index-2024 (GII) беделді әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылар білім, ғылым, бизнес, технология және инновация саласындағы жетістіктер – барлығы 80 көрсеткіш бойынша 130-дан астам елдің рейтингін жасады.
Қазақстанның креативті нарығында қарқынды даму серпіні байқалды. Ел «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-тен 65-орынға көтерілді.
Қазақстан «Ұлттық көркем фильмдер» көрсеткішінде де серпіліс жасап, 61-орыннан 31-орынға көтерілді.
Орталық және Оңтүстік Азияның аймақтық рейтингінде Қазақстан алғашқы үштікке еніп, Үндістан мен Ираннан кейінгі орнын сақтап қалды.
Global Innovation Index-ті БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) жасайды. GII рейтингі халықаралық бедел мен инвестиция тартуға айтарлықтай әсер етеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары