Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекVI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр.
4 қыркүйектегі жағдай бойынша, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.
Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 6 күміс және 13 қола) иеленіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-і бойынша жарыстарға қатысып үлгерді. Қазақстандық спортшылар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды.
Жарыстар әлі де жалғасып жатқандықтан, командалардың медаль есебіндегі орындары өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары әлі де 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?