Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы 25-27 шілде аралығында Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтетін World Challenge Cup турнирінде бақ сынайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл беделді жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) күнтізбесіне енген. Аталмыш турнирге 42 елден 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Ал Қазақстан атынан бұл додада сегіз спортшы сынға түседі. Турнир аясында Айбота Ертайқызы және Айым Мейіржанова жекелей сайыста бақ сынайды. Ал топтық жаттығуларға қатысатын қазақстандықтардың тізімі төмендегідей:
- Айда Хәкімжанова
- Айзере Кеңес
- Жасмин Жүнісбаева
- Кристина Чепульская
- Айзере Нұрмағамбетова
- Мадина Мырзабай
Қазақстан құрамасы бұған дейін Сингапурда өткен Азия біріншілігінде ел намысын қорғаған еді. Сол жарыста отандастарымыз топтық жаттығуларда және жекелей сында тамаша өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізген еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады