12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікІшкі істер министрі Ержан Саденов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы Сеулдегі Халықаралық полиция саммитіне қатысты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саммитте халықаралық ынтымақтастық, қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, полициядағы заманауи өзгерістерге ден қою, кешенді жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ ғылымға негізделген және қоғамға бағытталған полиция стратегиясын жетілдіру, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әртүрлі жағдайларда төзімділікке үйрету және тәрбиелеу жөніндегі сұрақтар қаралды.
Қазақстанның ІІМ басшысы өз сөзінде көтерілген мәселелердің маңыздылығын, сонымен қатар ішкі істер органдарының әріптестікке ашықтығын атап өтті.
Халықаралық іс-шараға 30-дан астам елдің полиция ведомстволарының, сондай-ақ Интерпол, Еуропол, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейінді басқармасының басшылары қатысты.
Шара қарсаңында саммитке қатысушы делегация басшыларының Корея Республикасының президенті Юн Сок Ельмен кездесуі өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер