Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.
Көшпенділер ойындарының оқу-жаттығу жиынын жыл басында бастадық. Елді қуантамыз деген мақсатымыз болған еді. Қырғыз ағайындармен кездесу қиын болады деген едім. Расында солай болды. Десе де ел намысын қолдан бермей, үмітті ақтадық, – деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысты. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түсті. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары