12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Израильдің Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Бүгінгі таңда израильдік инженерлер 4 су қоймасын қарап, оларды реконструкциялау бойынша ұсыныс берді.
Тараптар Жамбыл облысындағы Ынтымақ су қоймасын жаңғырту және оның көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, министр заманауи су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Сарысу ауданының ирригациялық каналдарын жаңғыртуды ұсынды.
Израиль инвесторлары қазақстандық компаниялармен бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, шетелдік делегация Израильде «Қазсушар» мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.
«Бұдан әрі талқылау бірлескен жұмыс тобы аясында жалғасады. Екі жақтың сарапшылары жобаның техникалық құрамдас бөлігін қарастырады. Сондай – ақ, жұмыс тобы біздің мамандардың біліктілігін арттыру курстарының бағыты мен тақырыбын анықтайды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер