30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен ХАМАС арасындағы татулық туралы мәмілелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді қуаттаймыз. Қатар, Египет және АҚ мемлекеттерінің ара ағайындық талпыныстарын жоғары бағалаймыз. Бұл күш қолдануды тоқтатып, кепілдегілерді босатуға, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге жасалған маңызды қадам. Қазіргі жағдайда бұл ауадай қажет шаралар. Қазақстан әрдайым бейбітшілік жағында. Бұл келісімдер қақтығысты ерте реттеуге жасалған қадамдардың негізін салды деп үміттенеміз, - деді ол Kazinform тілшісіне.
Айбек Смадияров бұл мәселеде Қазақстан БҰҰ аясындағы негізгі шешімдерді ұстанатынын еске салды.
Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысын «екі халыққа екі мемлекет» формуласы негізінде шешуді табанды түрде қолдап келеді. Бұл екі тәуелсіз мемлекет құру керек деген сөз. Палестиндіктер мен израильдіктер осы екі мемлекетте қаупісіз әрі бейбіт өмір кеше алар еді. Біз халықаралық қауымдастықтың ұзақ мерзімге бейбітшілік орнатып, әділдік қалыптастыруға бағытталған талпыныстарын қолдауға дайынбыз, - деді СІМ ресми өкілі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды