22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБерлинде 4-6 наурыз күндері әлемдегі ең ірі халықаралық көрмелердің бірі – ITB Berlin туристік көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі іс-шараға Қазақстанның өкілдері де қатысып, әлемге еліміздің туристік әлеуетін таныстырады. 81 шаршы метрді құрайтын ұлттық стендте B2B кездесулер мен презентация аймақтары қарастырылған. Келушілер еліміздің ұлттық тағамдарынан дәм татып, туристік көрікті жерлеріміз туралы бейнероликтерді тамашалай алады.
Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) Бас хатшысы, Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің төрағасы, Берлин мэрі және Messe Berlin бас директоры қатысты. Құрметті қонақтар еліміздің стендтіне арнайы келіп, ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Сондай-ақ еліміздің қонақжайлығы мен бай мәдениетін жоғары бағалады.
Отандық делегация құрамында ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Kazakh Tourism ҰК АҚ, және Алматы, Астана, Ақмола, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, қонақ үй бизнесінің және жетекші туристік компаниялардың өкілдері бар.
Көрменің іскерлік бағдарламалары аясында отандық делегация өкілдері шетелдік компаниялармен екіжақты келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ халықаралық туризмді дамыту және Еуропа туристерін елімізге тарту мақсатында бірқатар келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.
ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне жыл сайын 180 елден 10 000-нан астам адам қатысады. Көрмені 160 000 адам тамашалайды, соның ішінде 113 500 адам туристік сала мамандары. Берлиндегі дәстүрлі көрмеге қатысу Қазақстанның халықаралық байланысын нығайтуға, жаңа келіссөздер жасауға және елдің туристік әлеуетін әлемдік нарықтағы танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев