23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан жаһандық инвестициялық тәуекел мен тұрақтылық рейтингінде бірден 17 сатыға көтеріліп, 53-орынға жайғасты. Осы көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастады.
Henley & Partners әзірлеген Global Investment Risk and Resilience Index дерегіне сәйкес, 2025 жылғы қазанда Қазақстан 70-орында болған. Ал 2026 жылғы мамырдағы жаңартылған рейтингте 53-орынға көтерілді. Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан – 81, Қырғызстан – 96, Тәжікстан 97-орынға орналасқан.
Қазақстандағы инвестициялық белсенділік те артып келеді. 2026 жылдың алғашқы жартысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,5 трлн теңгеге жетіп, нақты өсім 9,6 пайызды құрады. Жеке инвестициялар 21 пайыздан астам өсіп, жалпы салымдардың 87 пайызына жеткен.
Инвестициялар дәстүрлі шикізат секторымен ғана шектелмей, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс салаларына бағытталуда. Қазақстанның инвесторлар үшін негізгі артықшылықтарының қатарында Орталық Азиядағы ірі экономика болуы, Еуропа мен Азияны байланыстыратын географиялық орналасуы және салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылығы аталады.
Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді азайту, жобаларды цифрлық сүйемелдеу және ұзақ мерзімді инвестициялық келісімдер жасау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың ортасына қарай стратегиялық инвесторлармен тұрақты шарттарды 25 жылға дейін қарастыратын 57 келісім жасалған.
Қазақстанның инвестициялық деңгейін халықаралық рейтинг агенттіктері де сақтап отыр. Fitch Ratings ел рейтингін BBB, S&P Global Ratings BBB-, ал Moody’s Baa1 деңгейінде бағалаған.
Сарапшылардың пікірінше, рейтингтегі жоғарылау Қазақстанға деген халықаралық инвесторлардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алайда рейтингтің өзі экономикалық нәтижеге кепілдік бермейді. Ендігі маңызды міндет – инвестициялық тартымдылықты нақты өндірістерге, жаңа технологияларға, сапалы жұмыс орындарына және жоғары қосылған құны бар жобаларға айналдыру.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады