2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР-дағы Хорватия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар өзара тиімді әріптестік деңгейін жоғары бағалап, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фармацевтика, IT технологиялар, туризм және спорт саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Екі елдің тауар айналымын ұлғайту үшін үлкен әлеуеті бар. Қазақстан өзінің экономикалық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін әрқашан ашық, - деп атап өтті ҰЭМ басшысы, Қазақстан тарапынан үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Ә.Қуантыров.
Өз кезегінде Р. Шабанович Хорватияның «Адрия» мұнай құбыры арқылы Шығыс Еуропа елдеріне қазақстандық мұнай экспортының көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе қатынасын орнатуға мүдделі екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова