30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін Астанада STADA Health Report 2024 зерттеуінің нәтижелері бойынша презентация және пресс-конференция өтті. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Зерттеу авторлары психикалық денсаулық, өз-өзіңе көңіл бөлу, қарттық пен жалғыздыққа алаңдау, жеке бақыт және сырт келбетіне қанағаттану секілді тақырыптарды ортаға салды.
Белгілі болғандай, Қазақстаннан зерттеуге қатысушылардың 43%-ы қартаюды ойлап алаңдаса, 74%-ы жасы келуіне орай физикалық қартаюдан қорқады. Ал сұралғандардың 59%-ы сырт келбетінің нашарлайтынын ойлайды-мыс. 56%-ы жақындарына масыл болудан қорықса, 50%-ы қартайғанда қаржылық жағынан қысылмауды ойлайды. Қатысушылардың 48%-ы жас келгенде пайда болатын Альцгеймер, Паркинсон, деменция сияқты аурулардан қауіптенеді.
Зерттеу жұмыстары бірнеше жыл қатарынан 20-дан астам елде жүргізіліп келеді. Аймағы – Орталық және Шығыс Еуропа елдері. Зерттеу барысында бұқара халықтың өзін сау әрі бақытты сезінуіне қатысты сауалдар қойылды. Сауалнамаға жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы әртүрлі 2 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде сұралғандардың 70%-ы өз өмірлеріне қанағаттанатынын жасырмай айтты. Шыны керек, жаһандық дәрежеде денсаулық сақтау жүйесіне көңілі толмайтындар қатары көп. Десе де, Қазақстан азаматтарының дәрігерлерге сенім артуының күшейгенін байқасақ болады, - деп түсіндірді Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолиядағы STADA компаниясының бизнес жетекішісі Наталия Гарипова.
Зерттеу нәтижелері сәйкес, Қазақстан азаматтары денсаулық сақтау мәселесінде өздерін мейілінше бақытты санайтыны белгілі болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды