6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер"Біз әлі күнге дейін кедейлікті жеңе алмай келеміз. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан халқының 15%-і – кедей. Алайда ресми статистика азаматтардың 5,1%-інің табысы күнкөріс деңгейінен төмен екенін көрсетіп отыр. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасын таныстыру барысында өз тұрмысын "өте ауыр" деген отбасылардың үлесі 15 пайыз екенін айтады. Мұндай әртүрлі деректер мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтауға мүмкіндік бермейді", - дейді Нұрманбетова мәжілісте өткен үкімет сағатында.
"Соңғы жылдары көптеген ел кедейлік деңгейін анықтаған кезде кедейліктің көпөлшемді моделін қолдануға тырысып жатыр. Яғни бұл адамдардың денсаулық сақтау, білім беру қызметтеріне қолжетімділігі, өз баспанасы мен тұрақты табысының болуы. Сол себепті еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіруді кедейліктің көпөлшемді моделін ескере отырып жалғастырғаны дұрыс деп санаймыз. Ең бастысы, көмекке мұқтаж әр отбасы тиісті мемлекеттік органдардың назарында болуы қажет", - деді депутат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі