Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласында 7 айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Нәрестеге туған әкесі донор болған.
«Қазақстан халқына» қоры балаға ағза ауыстыру үшін Жапония мен Непалдан мамандарды шақыртып, қайырымдылық көмек көрсетті. Операция «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында жасалды.
Ұлыма бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері трансплантацияны емдеудің ең тиімді әдісі деп айтты. Әрине, мұны естігенімізде баламыздан айырылып қаламыз ба деген қорқыныш болды. Жұбайым донор болуға мүмкіндігі бар екенін білген соң, дәрігерлерге сеніп, барлық анализдерді бірден тапсырып, дайындықты бастап кеттік. Операциядан аман-есен өтіп, бір жеңілдеп қалдық. Қорқыныш болды, бірақ сеніміміз алдамады. Сондықтан баламды аман сақтап қалған Ана мен бала орталығының барша дәрігеріне алғыс айтамыз, – деп атап өтті балының анасы Қарлығаш.
Операция сәтті өткен. Жағдайы тұрақталған соң бала мен әкесі ауруханадан шығарылды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады