6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша 850 білім беру грантын бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, білім беру грантына мына топқа жататындар үміткер бола алады:
ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар азаматтар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі