Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікБұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде елімізде 120-дан астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бұл ретте ҚХА атқарып жатқан жұмыстарының маңызы ерекше.
2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» сияқты бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
ҚХА 1000-нан астам этномәдени бірлестікті қамтиды. Өткен жылы ҚХА құрылымдары 15 000-нан астам әлеуметтік маңызы бар шара ұйымдастырып, 700 000-нан астам адамды қамтыды.
ҚХА-ның 2025 жылға арналған жоспарында салалық кадрларды дамыту маңызды орын алады. «Этнополитология» және «Этножурналистика» мамандықтары бойынша білікті мамандарды даярлау үлесі артпақ.
Сонымен қатар ҚХА жобалары, Достық үйлері, лингвистикалық кабинеттер және басқа да құрылымдар арқылы мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде насихатталуына ерекше назар аударылады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді