Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікБейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.
Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.
Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.
Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді