6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА республикалық және өңірлік штабтарының онлайн-отырысы өтті. ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері және «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының жүзеге асу барысы қаралды. Оның шеңберінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерді азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, ең қажет тауарлармен, техникамен қамтамасыз етуге көмектесті.
Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ҚХА-нан 9,8 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен ең қажет тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомада қаржылық көмек жіберді.
Әр аймақтағы Достық үйлерінде волонтерлық орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі