20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Энергетика министрлігі 19 қазанда дрон шабуылынан кейін апат болған Орынбор газ өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
"Газпромның" мәліметінше, зауыт Қарашығанақ кен орнынан шикізат қабылдауды уақытша тоқтатқан.
Ресей тарапы зауыттың зақымдану көлемі мен қалпына келтіру мерзімі жөнінде әзірге ақпарат берген жоқ.
Министрлік атап өткендей, Қазақстанның ішкі газбен қамтылуы бұзылған жоқ – тұтынушыларға газ қалыпты режимде, шектеусіз жеткізіліп жатыр.
Қарашығанақ шикізатын өңдеу мен мұнай өндіруге ықтимал әсері кен пайдаланушылармен бірлесіп қарастырылып жатыр. Шығындарды бағалау және алдағы шаралар туралы қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады.
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және ресейлік тараппен, сондай-ақ кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?