Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыХошиминде жексенбі күні Вьетнам мен Қазақстан футзал құрамалары арасында алғашқы жолдастық матч өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойын 4:1 есебімен Вьетнам құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның 15-минутында алаң иелері қарсыласқателігін және Игитаның қақпаны бос қалдырғанын пайдаланып, алға шықты. Алайда екінші таймның аяқталуына сегіз минут қалғанда қазақстандықтар есепті теңестірді: гол авторы - Ержан Кәрменов.
Ойынның аяқталуына шамамен 83 секунд қалғанда алаң иелері тағы бір гол соғып, қайта алға шықты. Одан кейін жарты минуттан соң вьетнамдықтар өз алаң жағынан бос қақпаға тағы бір доп енгізді. Қазақстандықтар тағы шабуылға шықты, бірақ соңғы 9 секунд қалғанда тағы да бос қақпаға гол жіберіп алды – осылайша матч 4:1 есебімен аяқталды.
Бұл Хошиминде Вьетнам мен Қазақстан құрамалары арасындағы жоспарланған екі жолдастық кездесудің алғашқысы болды. Келесі матч сейсенбі - 15 сәуір күні өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары