23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Әзербайжан құрамасымен өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кака бапкер бұл ойында мына құрамға сенді: Игита, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов, Серіков, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Тайбасаров, Дәрібай, Әбдіманапұлы.
Матчтың басында Әзербайжан ойыншылары 2:0 есебімен алда тұрған. Дегенмен үзіліске дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Лео алыстан шірене тартса, сосын Біржан Оразов мергендік танытты. Екінші таймда Дуглас жеңіс голын соқты.
Сөйтіп, Қазақстан 4 ойында 12 ұпай жинап, жеке-дара көш бастады.
Қазақстан – Әзербайжан – 3:2
Голдар: Амадеу, 4 (0:1). Галло, 8 (0:2). Лео, 13 (1:2). Оразов, 18 (2:2). Дуглас Жуниор, 22 (3:2).
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік