30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕліміздің Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Императоры Нарухитоға сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Императорлық сарайда өткен салтанатты рәсім барысында Жапония монархы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ізгі тілектерін жолдады. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Қазақстандағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы сұрап, Қазақстан халқына өзінің қолдау сөздерін жолдады.
Өз кезегінде Елші Қазақстанның Жапониямен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеп, қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін өзінің барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын айтты. Сондай-ақ мүмкіндікті пайдалана отырып, ол екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, 2021 жылы Күншығыс орденімен (Алтын және Күміс жұлдыз) марапаттағаны үшін Жапония Императорына алғысын білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Император қазақ дипломатына екі ел арасындағы қатынастарды нығайту жөніндегі дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі. Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Жапония Үкіметінің атынан билеуші Либералды-демократиялық партияның мүшесі, Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрі Тошико Абэ қатысты.
Екіжақты сұхбат барысында Т.Абэ Е.Баударбек-Қожатаевты Қазақстанның Жапониядағы Елшісі міндетін ресми атқаруды бастағанымен құттықтап, тараптар Қазақстан мен Жапония арасында ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды