Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздің Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев сол елдің экономикалық дипломатия жөніндегі парламенттік лигасының Төрайымы, Парламент депутаты Йоко Камикавамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басқосуда тараптар халықаралық сауда жүйесінің трансформациясы жағдайында екіжақты экономикалық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылаған.
Елшіліктің мәліметінше, Ералн Баударбек-Қожатаев инвестициялық ынтымақтастықтың оң серпініне тоқталып, 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына жапон инвестицияларының жалпы ағыны 8,1 млрд. АҚШ долл. құрап отырғанын атап өтті.
Тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы транзиттік-логистикалық кооперация, цифрландыру және жасанды интеллект, жасыл экономика және декарбонизация, су технологиялары сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамыту ықтималдығын талқылады.
Өз кезегінде Й.Камикава Жапонияның бұрынғы Әділет министрі ретінде экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін құқықтық шеңбер құру қажеттілігіне көңіл бөлді. Бұдан басқа, ол екі елдің, оның ішінде шағын және орта бизнестің жеке секторлары деңгейінде өңіраралық экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыру және Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық дипломатияны ілгерілету тетіктерін нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары