Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбайдың еліміздің Палестинадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббасқа сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Амман қаласында өткен салтанатты рәсімнен кейін Палестина Президентінің ресми қабылдауы болды. Оның барысында Қазақстан-Палестина қатынастарын нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды. Кездесуде Палестинаның Премьер-министрі – Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Мұхаммед Мұстафа және Палестина Президентінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Магди Әл-Халиди қатысты.
Елші Президент М.Аббасқа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Сонымен қатар Елші ретінде Қазақстан мен Палестина арасындағы достық қарым-қатынастарды екіжақты негізде және халықаралық ұйымдар шеңберінде әрі қарай дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді, - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Өз кезегінде Палестина Президенті 2022 жылғы қазан айындағы Астанаға сапарын жылы лебізбен атап өтіп, Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жолдады. М.Аббас екіжақты ынтымақтастықтың игілігі жолындағы ҚР Елшісінің қызметіне жемісті жұмыс тіледі.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар