Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Моңғолиядағы елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СІМ мәліметінше, салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесуде президент У. Хүрэлсүх ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдіріп, 2024 жылы Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарына жоғары баға берді. Бұл сапар екіжақты қатынастарға тың серпін беріп, стратегиялық серіктестік деңгейіне көтергенін атап өтті.
Өз кезегінде А.Сейтақынов көрсетілген жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның Моңғолиямен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасында достық қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Ол түрлі деңгейдегі өзара сапарлармен алмасу, парламенттік байланыстар мен Үкіметаралық комиссия отырыстарын өткізу екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты, - делінген мәліметте.
Кездесу барысында тараптар сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы сынды басым бағыттармен қатар, өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Сұхбат соңында президент У. Хүрэлсүх ҚР елшісін өзінің дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары