Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин БҰҰ-ның Пәкістандағы Тұрақты үйлестірушісі Мұхамед Яхиямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елші Тұрақты үйлестірушіні Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Елшілік жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Мұхамед Яхия БҰҰ-ның Пәкістандағы гуманитарлық көмек саласындағы әртүрлі өкілдіктерінің (UNICEF, OCHA, UNFPA, UN-Habitat, UNOPS, UNODC, UNESCO, UNIDO, UNDP және т.б.(барлығы 26 кеңсе) құрылымы мен жұмысы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобалар туралы айтып, БҰҰ мекемелерінің қызметіне мүше мемлекеттерді тарту ниеттерін мәлімдеді.
Тараптар Пәкістанның даму перспективаларына берген бағаларымен және осы тұрғыда ел үкіметіне көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған шараларды, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы қабылдау қажет қадамдар туралы ойлармен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Үкіметімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы және Пәкістандағы өкілдіктерімен бірлескен жобаларды үйлестіру мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары