Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Протокол қызметінің басшысы Пьер Картювельске сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 шілдеде аталып өтетін Бельгия Корольдігінің Ұлттық күні қарсаңында Елші еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Королі Филиппке арналған құттықтау хатын табыстады. Мемлекет басшысы өз жолдауында Бельгия халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, саяси диалогты одан әрі дамытуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ортақ ниет білдірген. Протокол қызметінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметінің ресми басталуымен құттықтап, табыс тіледі.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыста болуға уағдаласты.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар