Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДушанбеде өтіп жатқан Гран при турнирінде маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан 66 келіде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маңғыстаулық балуан алғашқы белдесуінде израильдік Даниэль Капелушниктен басым түсті. Екінші айналымда татами иесі, тәжік дзюдошысы Нұрәли Эмомалиді сан соқтырды. Ал ширек финалда ресейлік балуан, жеке бейтарап құрама атынан белдескен Мұрат Шопановқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік туды.
Жұбаныш белдесуінде С.Жұбатқан ұлыбританиялық Йонг Чарлиді қапы қалдырып, қола жүлде үшін күресуге жолдама алған болатын. Жауапты белдесуде ұлттық құрама мүшесі испаниялық Ниэто Чинарро иппонмен ұтты.
Осы салмақта күрескен тағы бір қазақстандық балуан Әнуар Жұмагелдин алғашқы айналымда моңғол балуанынан айласын асыра алмай, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.
Бұдан бөлек Душанбе Гран Приінде 60, 73, 81 келіде күрескен ұлттық құрама мүшелері сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдеден тыс қалды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары