Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДүбірлі дода 2024 жылғы 8-15 қыркүйекте Астанада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Үкіметте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселесі Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі саналмайтын елдерден командалар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ сияқты қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, сондай-ақ шет елдерде дамыған, бірақ тамыры біртұтас көптеген басқа спорт түрінен өтеді.
Спорт жарыстарының басты ұйымдастырушысы – Мәдениет және спорт министрлігі. Ал Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы үлкен қолдау көрсетеді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жақсы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуі үшін дайындықты бүгіннен бастау керек. Елімізде ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді, мемлекет ұлттық спортқа үнемі қолдау көрсетіп отырады. Осыған байланысты Көшпенділер ойындары қазақстандықтардың зор қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар қазаққа тән ашықтық пен қонақжайлылықты көрсету, ата-бабаларымыздың бай мәдени мұрасымен бөлісу мүмкіндігі де зор маңызға ие, — деді Алтай Көлгінов.
Кеңес соңында вице-премьер мүдделі министрліктерге алдағы айларда Ойындарды өткізу дирекциясының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын айқындауды, Іс-шаралар жоспарын және республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітуге ұсынуды тапсырды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?