Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды. Осылайша Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды.
Министрліктің таратқан ақпаратына сүйенсек, Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан үш жыл мерзімге 19 млн АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар