22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық делегация Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиевтің басшылығымен Мәскеуде өтіп жатқан Дүниежүзілік атом апталығына қатысты, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Сапардың негізгі бағыты – Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу. Қазақстан тарапынан атом саласының халықаралық компаниялары мен ғылыми ұйымдарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен өткен келіссөздерге ерекше назар аударылды. Кездесу барысында Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Олар: таңдалған реактор технологиясы, жобаның кестесі мен қаржыландыруы, өндірісті жергіліктендіру және кадр даярлау, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету.
Форум аясында делегация халықаралық көрмеге барды. Онда атом апталығы қатысушыларының заманауи реакторлық қондырғылары, қауіпсіздік шешімдері және энергетиканың орнықты дамуына арналған инновациялары ұсынылды. Қазақстандық стенд қонақтардың назарын аударып, еліміздің жетістіктері мен бейбіт атом саласындағы перспективалық жобаларын көрсетті.
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің бас директоры Ернат Бердіғұлов «Барлығы атомнан басталады» атты пленарлық сессияда сөз сөйлеп, атом энергетикасын дамыту бойынша стратегиялық жоспарларды таныстырды. Жоба жетекшісі Жомарт Жасанов дөңгелек үстел барысында отандық кәсіпорындар мен мамандарды тарту АЭС жобасын табысты іске асырудың басты шарты екенін атап өтті.
Қазақстан экологиялық таза әрі жоғары технологиялық энергия көздерін дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және орнықты экономикалық өсім бағытын ұстанатынын тағы да растады.
Дүниежүзілік атом апталығына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Түркия, Беларусь, Боливия, Иран, Қытай және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Бұл әлемдік қауымдастықтың атом энергетикасын дамытуға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Бұған дейін біз Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жарияланған жалпыхалықтық конкурстың алғашқы тәулігінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 9 945 ұсыныс қабылданғаны туралы жаздық.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев