Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Петропавл қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалi өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Фестивальдің ашылу салтанатына Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова қатысып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның арнайы құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар, шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов және Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған бір топ театр майталмандары қатысты.
Шараның бағдарламасы бойынша қойылымдар С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахналарында өтіп жатыр.
Театр фестиваліне сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен
10 театр қатысуда.
Көрермендер А.Чеховтың «БАҚ» (реж: Ұ.Қарыпбаев), Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» (реж: Д.Жұмабай), И.Иманның «№37» (реж: Ф.Молдағали), М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» (реж: Г.Мирғалиева), Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» (реж: А.Нигманов), Ф.Г. Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» (реж: Д.Жұмабай), Г.Хугаевтың «Қара шекпен» (реж: Е.Кәрібаев), А.Нүсіптің «Мағжан» (реж: D.Livermore), О.Бөкейдің «Атау-кере» (реж: А.Салбан), М.Мағауиннің «Шақан шері» (реж: М.Хабибуллин) спектакльдерін тамашалай алады.
Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?